Құтқару жұмыстары жалғасуда

Қостанай облысында қар құрсауында қалған адамдарды құтқару жұмыстары жалғасуда. Солтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару тобы (СӨАЖҚТ) бір айдан бері өңірдегі тас жолда апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізіп келеді, деп хабарлайды ТЖ комитетінің баспасөз қызметі. 25 қаңтарда Қарасу, Әулиекөл, Наурызым аудандарында апаттық-құтқару жұмыстары жүргізілді.20170126190322
20170126190334Наурызым ауданында «Раздольный-Буревестник-Өлеңді» тас жолының 80 шақырымында боран салдарынан автокөлік қар құрсауында қалған. Құтқару операциясын жүргізу үшін 8 құтқару құрамы бар КамАЗ және ТРЭКОЛ арнайы техникасы жіберілді. Әулиекөл ауылында КамАЗ-бен 7 адам, соның ішінде 2 әйел мен бір бала құтқарылды. Қар құрсауынан 4 техника босатылды. Ал, ТРЭКОЛ техникасы арқылы 46 адам, соның ішінде 9 әйел эвакуацияланды.20170126190309
20170126190316Дәл сол күні, Әулиекөл ауданы Қазанбасы ауылынан 1960 жылы дүниеге келген, 2 топтағы мүгедек кісінің жүрегі қысылып, медициналық көмекке зәру екендігі туралы хабарлама келіп түскен. Ауа райының қолайсыздығына байланысты, айтылған жерге ТРЭКОЛ техникасымен 3 құтқарушы барған. Құтқарушылар тобы науқасты Әулиекөлге жеткізіп, жедел жәрдем қызметкерлеріне табыстады. СӨАЖҚТ күшінің арқасында 2017 жылдың 25 қаңтарында 54 адам, соның ішінде 11 әйел, 1 бала және 2-топтағы 1 мүгедек құтқарылды.
20170126190329
20170126190459
 
Қазақпарат

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓