Қарамеңді қар құрсауында қалды
Кеше Қостанай облысындағы Науырзым ауданына қарасты Қарамеңді ауылында үздіксіз қар жауып, үйлер құрсауда қалған. Жауған қардың қалыңдығы 3 метрге дейін жетеді дейді тұрғындар. Бұл туралы "Алау" телеарнасы хабарлайды.
Ауыл адамдарының айтуынша, мұнда соңғы күндері боран бір басылмаған, күн еш ашылар емес. Ал Қарасу ауданында, тіпті қар үйдің кіреберісін де жауып тастаған. Әзірше ауылдастар бір-біріне қарайласып, қар құрсауынан аман қалуда.

Синиоптиктердің мәліметінше, Науырзым ауданында бір тәулік ішінде 58 сантиметр, Қарасу ауданында 34 сантиметр көлемінде қар жауған.



Суреттер alau.kz сайтынан алынды