Облыстан – үш үміткер

            ҚР Парламентінің Сенат депутаттарының сайлауына апта уақыт қалды, яғни 28 маусымда өтеді. Осыған байланысты, облыс орталығындағы Достық үйінде сайлауды өткізу тәртіп-жосығын пысықтауға арналған жиын өтті.IMG_9315
            Біздің облыстың атынан Парламенттегі бір орынға 3 тұлға үміткер бар екенін ескерте кетейік. Олар – А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-нің проректоры Жеңіс Жарылғасов, "Атамекен-Дос" ЖШС директоры Асқар Жабаев және депутаттық өкілеттілігі сәуір айында аяқталған экс-сенатор Жеңіс Нұрғалиев. Әуел баста бұл үміткерлер қатарында облыстық әкімдіктің дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Жанболат Үмбетов те болған еді. Ол осы айдың басында өзін кандидаттар тізімінен алып тастады.IMG_9318
            – Бұл – осы жылы өткелі отырған екінші сайлау. Біріншісі наурыз айының соңғы жексенбісінде өтіп, онда аудандық, қалалық және облыстық мәслихат депутаттарына дауыс берілген еді. Оған тиісті елді мекендердің тұрғындары қатысқан болатын. Ал енді Сенат депутатын таңдауға тек мәслихат депутаттарының ғана мүмкіндігі бар. Олардың облысымыздағы саны – 301, – деді жиынның басты қонағы, ҚР Орталық сайлау комитеті төрағасының орынбасары Владимир Фоос.
            Оның айтуынша, тұңғыш рет дауыс берушілердің электронды тіркеуі қолданылады. Олардың тіркеуі жөніндегі барлық мәліметтері әп-сәтте ОСК-не түсіп, электронды табло арқылы көрсетілетін болады. Сайлау барысын Астанаға арнайы келген 54 халықаралық бақылаушы назарда ұстайды.IMG_9321
            Қостанай облысында дауыс беру Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармония ғимаратында сағат 9.00-де басталады.
            Ал тамыз айында аймақта село әкімдерін тағайындау басталады. Облыстық сайлау комиссиясының төрайымы Антонина Маркованың сөзінше, жалпы саны 137 село әкімі таңдалмақ.
 
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓