Жергілікті полиция басшысының есебі
Қостанайдағы «Мирас» мәдениет сарайыннда облыстық жергілікті полиция қызметінің бастығы полковник Нығмет Ысмағұлов жұртшылық алдында 2016 жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлары жайында есеп берді. Жиынға облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғ.Нұрмұхамбетов пен облыстық ІІД бастығының бірінші орынбасары М.Төлебаев қатысты.

Аталған ведомство өткен жылдың 1 қаңтакрынан бері қызмет етіп келеді. Қазіргі таңда мекеме құрамында 1415 бар, олардың 399-ы учаскелік инспектор, 664-і жол-патрульдік қызметкерлері. Өңірімізде полицияға құқық қорғау саласының 521 құрылымы мен 339 қоғамдық көмекшілер жәрдем етеді.
– Өткен жылдың қорытындысы бойынша аймағымыздағы қылмыс 11,3% немесе 2500-ге азайды. Адам өлтіру, зорлау, қарақшылық, тонау және ұрлық саны төмендеді. Былтыр жыл бойына азаматтардан «102» нөміріне 427 мың қоңырау шалынды. Бұл әр тәулік сайын мыңнан астам қоңырау түседі деген сөз. Солардың көбі мүлкінің ұрланғаны жайында хабарлайтындар, – деді Н.Ысмағұлов.

Полиция басшысы сондай-ақ сыртта жасалатын қылмыс 14,5%, қоғамдық орындарда жасалатын қылмыс 16% азайғанын айтады. Облысмымызда 274 бейнетіркегіш құралы орнатылған болса, олардың 181-і Қостанайда және 60 бейнекамера «Қауіпсіз аула» жүйесімен жұмыс істеп тұр. Осы бейне бақылау құрылғылардың көмегімен 141 қылмыстың беті ашылып, 28 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталыпты.
Өткен жылы жол-көлік апаттары 27,6% (613-тен 444-ке дейін) азайып, қаза тапқандар (39%) мен жарақат алғандар саны (20,7%) кеміген.
Жергілікті полиция бастығына сауал қойғандар мен ұсыныс айтып, көмек сұрағандар аз болған жоқ. Солардың бірі – Қостанай қаласының тұрғыны Жәнібек Көшекбаев адал еңбегінің ақысын ала алмадым деп шағымын жеткізді:



Мақаланың толық нұсқасы газеттің алдағы сандарында жарық көреді.
Қыдырбек Қиысханұлы,
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков.