Цемент зауыты ашылады

       Үстіміздегі жылы Рудныйда цемент зауыты іске қосылады. Бұл туралы облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық басқармасы басшысының орынбасары Талғат Майшин журналистермен өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.цемент
       Естеріңізде болса, зауыт құрылысы 2012 жылы басталған. Алайда,  қаржы жетіспегендіктен құрылыс жұмыстары кейінге шегерілген еді. Жаңа өндіріс ошағы іске қосылғанда жылына 500 мың тонна цемент өндіруге тиіс.
       Талғат Кенжебайұлы кәсіпорынның нақ қай кезде ашылатындығын айтқан жоқ. Дегенмен, цемент зауыты облыстағы құны 20 млрд теңгеге бағаланып отырған ірі төрт жобаның бірі. Онда үш жүзден астам жаңа жұмыс орны пайда болады.
        Сондай-ақ, Федоров ауданында сұйық май шығаратын кәсіпорын, «Баян сұлу» АҚ-ында  глазирленген кәмпиттер мен карамель қосылған глазирлі печенье цехы іске қосылады.
        Айтпақшы,  Қарабалықтағы, баяғы «Комсомол құс фабрикасының базасында жылына 12 мың тонна бройлер өндірісінің жобасы дадайын тұр. Ол да осыған дейін қаражаттың жетіспеуінен орта жолда тоқтап қалған-ды. Енді оған жаңа инвестор тартылды.
        Жалпы, облыста жақын-жуықта құны 309,6 млрд теңгеге бағаланған 11 жоба жүзеге асырылмақ.
 
Әлібек ЫБЫРАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓