Жерлесіміз “Дарын” сыйлығын иеленді
Дарынды әнші, "Славян базары" халықаралық байқауының 1-орын иегері, "Алтын микрофон" халықаралық ән сайысының жеңімпазы, жерлесіміз Ернар Садырбаев (ӘМРЕ) "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты атанды.
Қазақстанда ғана емес, алыс-жақын шетелдерде жанкүйерлері қалыптасып үлгерген ӘМРЕ лақап атымен танымал орындаушы жас та болса біраз белестерді бағындырды. Оқушы кезінен-ақ облыстық, республикалық, халықаралық байқауларда жарқырай көрінген. Қазіргі таңда Отан намысын әлемдік сахналарда қорғап жүр. Халық композиторларының шығармаларын, әлемдік туындыларды және авторлық әндерін өте шебер орындайды. Оны әнсүйер қауым тәнтілікпен бағалап та қойған.
Осы жолғы мемлекеттік марапатқа ие болуы – ӘМРЕ-нің әншілік өнерде өз қолтаңбасының қалыптасқанының дәлеліндей.
Лауреаттың "Айтшы жауабын" атты әнін назарларыңызға ұсынамыз: