Алматыдағы қанды оқиға 4 адамның өмірін жалмады
Бүгін, 18 шілде күні таңертең Алматы қаласында болған атыста бір бейбіт тұрғын мен үш полиция қызметкері қаза тапты. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
«18 шілде күні шамамен таңғы сағат 11-де Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің Алмалы аудандық ішкі істер басқармасына өтпек болған қылмыскер посттағы полицияға оқ жаудырып, полиция қызметкерінің қаруын иеленген соң, оқиға орнынан қашып кеткен.
Қылмыскердің артынан қуған «Боран» полиция экипажына қарсы да оқ жауып, соның салдарынан екі полиция қызметкері жараланды. Одан кейін қылмыскердің кім екені анықталып, «Қазақконцерт» АҚ орналасқан ауданда полиция қылмыскерді жаралап, оны қолға түсірді. Оның аты-жөні белгілі болды. Оны ұстау кезінде екі полиция қызметкері жараланды»,-деп хабарланған ІІМ-нің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Өкінішке қарай, осы атыс салдарынан бір бейбіт тұрғын мен үш полиция қызметкері қаза тапқаны хабарланып отыр.
«Өкінішке қарай, қылмыскер қала тұрғынының жеке жеңіл автокөлігін иелену үшін оған оқ атып, көлік жүргізушісі алған жарақатынан қаза тапты. Сондай-ақ, алған жарақатынан үш полиция қызметкері ауруханаға жеткізу кезінде көз жұмды»,-деп хабарланған ақпаратта.

Алдын ала мәліметтер бойынша, қолға түскен 27 жастағы қызылордалық бұған дейін де істі болған, өткен демалыс күндері қаза тапқан әйелдің өліміне де қатысы бар болуы мүмкін.
Астана уақытымен сағат 12:20-да Алматы қаласының аумағында террористік қауіптіліктің "қызыл" деңгейі белгіленді. Қалада "Сирена" жедел жоспары енгізіліп, барлық полиция қызметкері ұсталған қылмыскердің сыбайласын құрықтау операциясына жұмылдырылды.