Баласының еміне жауапты

Қостанай қаласының тұрғыны бұрынғы жұбайынан 2000 жылы туған кәмелеттік жасқа толмаған мүгедек баласының емделуіне кеткен шығынды өндіру туралы шағымымен сотқа арыз жазған.сот
Туғаннан есту қабілеті болмаған бала үшінші топтағы мүгедек. Ерлі-зайыптылар ажырасқаннан кейін баланы анасы Германияға апарып кешенді тексерістен өткізген. Кейін Мәскеуде ем қабылдап,  құны 25 000 АҚШ долары тұратын кохлеарлық имплонтант сатып алған, ал отаны австриялық дәрігер жасаған. Есту құрылғысын жабдықтау және жөндеу де бірталай шығынды талап еткен. Баласын емдету үшін ана жалпы 9,5 млн. теңге жұмсаған.
Ал баланың әкесі шағым талаппен келіспейді, нақты, валютаның теңгеге шаққандағы құнымен. Сотта белгілі болғандай, әке баланың емделуіне көмек көрсеткенімен қоймай, айсайынғы алиментті де төлемеген. Сот орындаушысының қаулысына сәйкес, азаматтың алимент бойынша қарызы соңғы 5 жылда 708 000 теңгеге жеткен. Өзінің бұл әрекетін азамат 12 жастағы ұлы өсіп жатқан өзге отбасының барлығымен түсіндіреді. Жауапкердің сөзінше, ол жеке кәсіпкерде жүргізуші болып жұмыс істейді, жалақысы 23 000 теңге.
ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексінің 144 бабының талаптарына сәйкес, алимент төлеу туралы келісім болмаған кезде және ерекше жағдайлар (кәмелетке толмаған балалардың немесе көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балалардың ауыр науқастануы, мертігуі, оларға бөгде адамның бағып-күтуіне ақы төлеу қажеттігі және басқа да мән-жайлар) болған кезде сот осы мән-жайлардан туындаған қосымша шығыстарды көтеруге қатысуға ата-аналардың әрқайсысын тартуы мүмкін.
          Азаматтық істің қаралу нәтижесі бойынша, сот азаматша К-ның шағымын ішінара қанағаттандыруға шешім шығарды. Сот шешімімен  шағымданушының пайдасына жауапкерден 4 млн. 750 мың теңге өндірілді. Сонымен қатар, сот жауапкерді баласы толық сауығып кеткенше оның емделуіне ай сайын 5 АЕК көлемінде қаражат төлеп тұруға міндеттеді.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.  

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓