Жәрмеңке өтеді
Жаңа жылдың алғашқы жәрмеңкесі қаңтардың 28 күні Абай даңғылы, 34 мекенжайында орналасқан «Емшан» сауда орталығының маңында өтеді.Қостанай қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, мұнда 100-ден аса өнім түрлері сатылымға қойылады. Бұл өнімдердің бағасы базардың бағасынан 20-30 пайызға төмен болады.