Астана төрінен тікелей эфир
Бүгін, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні. Дәл осы күні, сонау 1992 жылы еліміздің Президенті, бас қолбасшы Н.Назарбаев ҚР Ұлттық қарулы күштерін құру туралы заңға қол қайған еді. Міне, содан бері уақыт талабына сай жаңарып, жылдан жылға нығайып келе жатқан әскерімізге биыл 25 жыл толып отыр.







-Бүгінгі шеруден біздің еліміздің қарулы күштерінің мықты екендігін көрдік. Қазіргі заманға сай қару-жарақтармен қамтамасыз етіліп жатқанын көріп, қатты қуандық. Алла бетін аулақ қылсын, бірақ елімізге қандайда бір қауіп төнетін болса, әскери күштің тойтарыс бере алатынына сенімдіміз. Елбасымыздың саясатын толықтай қолдаймыз. Кезінде 1992 жылдан 2001 жылға дейін жоғарғы қолбасшымыз Н.Назарбаевтың бұйрығымен тәжік-ауған шекарасын қорғап, абыроймен елге оралған едік. Ешқашан соғыс деген болмасын, заманымыз тыныш, еліміз аман болсыншы. Өз басым бүгінгі әскери шеруден үлкен әсер алдым деп айта аламын, өйткені бұл – Қазақстан азаматының рухын көтеріп, намысын оятатын шеру деп ойлаймын. Барша қазақстандықтарды ҚР Қарулы күштерінің 25 жылдық мерейтойымен және Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтаймын.

-Биыл ҚР Қарулы күштеріне 25 жыл толып жатыр. Осы мерейтоймен және Ұлы Жеңіс күні мерекесімен еліміздің барша сарбаздарын, барша ардагерлерімізді құттықтаймын. Мен өзім Қарағанды облысының Теміртау қаласынан Қостанай жеріне келіп, осындағы 6697 әскери бөлімде Отан алдындағы борышымды өтеп жатырмын. Өмірімде алғаш рет осындай мерекелік жиынға қатысып, мерекелік шеруді тамашалап жатырмын. Сондықтан, мерекелік шарадан алған әсерімді айтып жеткізу мүмкін емес.
Қарлығаш ОСПАНОВА
Суреттерді түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ