Қылмыс азайды десек те…

Өңірімізде өткен жылы 2015 жылға қарағанда, қылмыс саны 22661-ден 20106-ға дейін айтарлықтай кеміген. Ауыр қылмыс 4,2%, аса ауыр қылмыс 14% төмендепті. Жалпы, қылмыстың құрамында ұрлық 63,9% құрайды, сол себепті аймақтағы криминогендік жағдайға осы ұрлық негіз болады екен._MG_8698
Облыстық Ішкі істер департаментінің 2016 жылғы атқарған осы және басқа да жұмыстары қорытынды жиында сөз болды. Аталған мәжіліске ҚР Ішкі істер Министрінің орынбасары, полиция генерал-майоры Ерлан Тұрғымбаев пен облыс әкімінің орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов келіп қатысқанын айта кетейік._MG_8695
Облыстық ІІД бастығы Бекет Аймағамбетовтің баяндауынша, өткен жылы 61 кісі өлтіру, 80 зорлау оқиғалары тіркелген. Ал қасақана ауыр зақым келтіру 1,9% өскен. Қылмыстардың алдын алу мәселесі әлі де өзекті болып отыр дейді:  
– «100 нақты қадам «Ұлт жоспары» бағдарламасын орындау барысында өңіріміздің қоғамдық тәртібі мен қауіпсіздігіне, сондай-ақ криминогендік жағдайын тұрақтандыруға ықпал етті. Өткен жылы 2015 жылға қарағанда, қылмыс 11,3% төмендеді.
Облысымызда мал ұрлығы (26,2%) мен ұялы телефон ұрлығы (1,6%) азайған болса, пәтер ұрлығының өскені (4,4%) байқалады._MG_8738
Өткен жылы заңсыз айналымнан героинді тәркілеу 61,9% артқан (7,1 кг), марихуана тәркілеу 19% артқан (310 кг).
Мақаланың толық нұсқасы газеттің алдағы сандарында жарық көреді.
 
Қыдырбек ҚИЫСХАНҰЛЫ
Суретті түсірген Бағдат Ахметбеков

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓