Жауапкершілік жүгі жеңілдемейді

Қаладағы кәсіпорындар мен өндіріс ошақтарында, білім ордалары мен мекемелерде партияның бастауыш ұйымдары белсенді жұмыс істейді. Ұйым жетекшілері үстіміздегі жылы алғаш рет бас қосты.
Алқалы жиында бас қосқан бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері алдында "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әлия Сапарова бас партияның өткен жылы атқарған жұ-мыстарына тоқталып, биыл да ауқымды істердің күтіп тұрғанын айтты.
10599567_455864977900287_8957730196285080609_n– Қоғамдағы түйткілді мәселелердің бәрі "Нұр Отанның" назарынан тыс қалып көрген жоқ. Халықтың әлеуметтік жағдайын оңалту, шағын және орта бизнеске дем беру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес партияның алдында тұрған басты міндеттер. Өткен жылы Астанада Елбасының қатысуымен партияның кеңейтілген мәжілісі өтті. Сонда Президент жемқорлыққа қарсы күресті күшейту туралы заң жобасын көптің талқысына салды. Міне, осы жобаны талқылауға біздің облыстың  тұрғындары да белсене қатысты. Нәтижесінде  жерлестеріміздің 90%-ы аталған жобаға  ұсынған өз нұсқаларын  орталық аппаратқа жөнелтті, – деді Әлия Сапарова.
Бастауыш партия ұйымдары жетекшілерінің жиынында төр-ағаның бірінші орынбасары алда тұрған міндеттерді саралап берді. "Үстіміздегі жылы – бастауыш партия ұйымдарының жылы" болып жарияланды, сондықтан Сіздер мен біздерге артылар жауапкершілік жүгі ауқымды", – деді ол.
Айбек
       КӘДІРҰЛЫ
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓