PR-мамандар пулы жасақталуда

Астана «ЭКСПО-2017» ҰК қазақстандық PR-мамандардың пулын жасақтауды жалғастыруда, деп xабарлайды ҚазАқпарат.экспоКомпанияның баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, бүгінгі таңда ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің халықаралық қатысушылары өз павильондарындағы экспозицияларын таныстырып, келушілер қатарын арттыруға бағытталған ақпараттық ілгерілету жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті мамандарды тартуға мүдделі. Осыған байланысты, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Қоғаммен байланыс департаменті көрмеге қатысушы мемлекеттермен бірлесе отырып, қазақстандық PR-мамандардың пулын дайындауда. Бұл тізім Көрменің халықаралық қатысушыларының үшінші жиынында ұсынылады. 
Айта кетейік, бүгінгі таңда ЭКСПО-2017 көрмесіне 112 мемлекет пен 18 халықаралық ұйым қатысатындығын растады.  
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓