Кассалар мекенжайы ауысты

Қостанай қаласындағы коммуналдық кәсіпорындардың кассасы облыстық пошта ғимаратынан басқа мекенге ауысты. Енді олар Гоголь көшесіндегі «Рахат» сауда үйінің бірінші қабатында қызмет көрсететін болады. Тізбектер болсақ, мұнда «Қостанай-Су», «Тазалық-2012» және бірыңғай төлем орталығы орналасқан. Ескі мекенді тастап кетуге, Қазпоштаның алға қойған жоспарлары себеп болған.IMG_4289«Қазпошта» АҚ-ның Қостанайдағы филилалы қазіргі ғимаратты пошталық және қаржылық қызметтер мен аймақтық корпоративтік клиенттер үшін, сәлемдемелер мен ақша айырбастау пунктіне арналған заманауи залға айналдырмақ. 
-«Рахатта» ұзақ тұрақтаймыз деп отырмыз. Халық үйренсіп келеді. Бұрындары пошта ғимаратын да жалға алған едік, енді олар басқа жоспарларды көздеп отыр. Сондықтан жаңа орын ауыстыруға тура келді. Қазір тұрғындар коммуналдық төлемді терминалдар және «Каспий» әмиян арқылы төлейді. Сол себепті айтарлықтай кедергі туындамады,-дейді «Қостанай-Су» кәсіпорнының өкілі Игорь Максимович.
Ал жылу үшін 1-ақпанға дейін Қазпоштада төлейсіз. Бірақ одан кейін олар да «Рахаттағы» жаңа касса алаңына келмек. Дегенмен, ҚЖЭК-нің Майлин және Мәуленов көшесінде орналасқан Қазпоштаның қос бөліміндегі кассалары сақталады.    
Бұл әрекет әзірше кассалардағы ұзын-сонар кезекті азайтып тұр. Қазпошта ішінде әдеттегі қарбалас, әбігер байқалмайды. Бірақ, тұрғындар коммуналдық шығынды төлеу үшін екі жерге бару бос әурешілік деп шағымданды.IMG_4300Мәселен, Күләйла Іргебаева барлығын тезірек бір жерге біріктірсе екен дейді:
-Таң ертесімен поштаға барып, кейін осында келіп төлеймін. Мен сол үшін біраз шаршап қалдым. Ал мұнда менен де үлкен кісілер келеді. Оларды тіптен аяп кетесің. Сонымен қатар аздап тарлық етеді. Кісі қарасы молайса, ыңғайсыз екен. Сондықтан бір оңды шешім болар деп үміттенемін,-дейді қала тұрғыны.
 
Кенже ҚОНЫСБАЙ
Суретті түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓