ОБЛЫС ӘКІМІ ЕКІ АУДАНДЫ АРАЛАДЫ
Өңір басшысы Архимед Мұхамбетов Қамысты және Денисоваудандарында болып, жергіліктіәкімдердіңхалыққа есеп беру жиынына қатысты. Бірқатар әлеуметтік-экономикалық маңызы бар нысандарды аралап, тұрғындармен жүздесті. Көпшілік көкейінде жүрген сауалдарға жауап беріп, аудан басшыларының жұмысын бағалады.

Қарабатырда қарап отырмайды…
Өңір басшысы жолай Қарабатырға тоқтап, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында пайдалануға берілген мәдениет үйіне бас сұқты.Мұндағы балаларға арналған би, хор, домбыра, вокал үйірмелерінде жыл басында бекітілген кесте бойынша 110 балғын өнерге жаттығады. Мәдениет үйінде 8 адам тұрақты қызметкер ретінде тіркелген. Барлығы да уақтылы айлық жалақысын алып отыр. Жалпы ауданы 600 шаршы метр болатын мәдениет үйінде180 орындық 3D кинотеатр, бильярд залы бар. Барлығы тегін. Кезінде қараусыз қалған мұндағы ескі ғимаратты 86 млн. теңгеге күрделі жөндеуден өткізіп, ауылдың мәдени орталығына айналдырған – Қарабатыр серіктестігінің директоры Марат Құдайқұлов.

Айтпақшы, былтыр Қарабатырға Қызылордадан 5 отбасы, жалпы саны 26 адамқоныс аударған. Серіктестік басшысы Марат Құдайқұлов Қызылордаға арнайы жүк көлігін жіберіп, қоныс аударушыларды өз күшімен көшіріп әкеліпті. Ауыл әкімінің айтуынша, соңғы рет 5 балалы отбасы көшіп келген. Қазір отағасы мал шаруашылығында, жұбайы медбике болып жұмыс істейді. Баспана мәселесі де оңай шешілген. Көп балалы отбасы серіктестік тұрғызған үйге қоныстаныпты. Ауылдық мәдениет үйінің директоры міндетін атқарушы Айгерім Сартайқызы да былтыр қоныс аудару бағдарламасы бойынша Қызылорда облысынан көшіп келген. Жолдасы Әлішер де осы мәдениет үйінде жұмыс істейді. Мерекелік кештерді жүргізеді, жастарға арналған би кештерін ұйымдастырады.
– Баста жайлы баспана, тұрақты жұмыс бар, жалақы жүріп тұр. Мал ұстауға да мүмкіндік мол. Сондықтан Қарабатырда қарап отыруға болмайды. Таңның атысынан қара кешке дейін қайнаған тіршіліктің ортасындамыз, – дейді ол.
Қаржы Қамыстыны айналып өтіп жатыр…
Қамысты ауданының әкімі Ғазиз Бекмұхамедовтың халыққа есеп беру жиынына қатысқан Архимед Мұхамбетов осылай деді. Жиында алдымен аудан әкімі есеп берді.
2018 жылықамыстылық кәсіпорындар 2 жарым млрд. теңгенің тауарын өндірген. Ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі – 18 млрд. теңгенің үстінде. Оның басым бөлігі егін шаруашылығына тиесілі. Аудан дихандары өткен жылы бір гектар алқаптан 11,6 центнер өнім алған. Ауыл шаруашылығын цифрландыру бойыншабіршама ілгерілеу бар. Былтыр «Қайрат» ЖШС алқапты «ақылды өңдеу» жүйесін енгізген. Мұнан өзге 4 ірі серіктестікте ауылшаруашылық техникалары GPS-қондырғылары арқылы бақыланып, басқарылады. Ауданда 18419 ірі қара, 13 мыңға жуық ұсақ мал, 3 мыңдай жылқы бар. Былтыр егін шаруашылығына 436,6 млн теңге, ал мал шаруашылығына 133,3 млн. теңге субсидия бөлінген. Ауданда 532 шағын бизнес нысаны тіркелген. Бірақ оның 421 ғана жұмыс істейді. Шағын бизнес саласы 1873 тұрғынды жұмыспен қамтып отыр.


Жергілікті әкімініңесебін тыңдаған өңір басшысы ауданда шағын және орта бизнестіңдамымай отырғанын, оны дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы мардымсыз екенін айтты. – Қазір кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарлама көп. Соларды тиімді пайдалану керек. Мәселен, «Еңбек» бағдарламасы бойынша қазір бір қолға 20 млн. теңгеге дейін несие беріледі. Оған көптен жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлер де қол жеткізе алады. Жақында ғана осындай өзгеріс енгізілді. Мұндағы тұрғындардың көбі азық-түлік немесе басқа да тұрмыстық заттарды сонау 50 шақырым жерде жатқан Жітіқараға барып алады. Мұнда ауыл шаруашылығымен айналысатын ірі кәсіпкерлер көп. Соларды аудан орталығында әмбебап сауда орындары мен тұрмыстық қызмет көрсету орталықтарын, басқа да әлеуметтік маңызы бар нысандарды ашуға жұмылдыру қажет.Ол кәсіпкер үшін де тиімді – қосымша табыс табады. Қосымша жұмыс орындары ашылады.Тұрғындар да қыстың көзі қырауда, борандатып алысқа ат сабылтпайтын болады. Ауқымды жобаларға облыс қаржы бөліп, қолдау көрсетіп жатыр. Ал енді мен айтқан қарапайым дүниелерді осы аудан деңгейінде атқаруға болады ғой. Ауданда газ бар, қаржы жеткілікті. Тіпті монша тұрғызсаңдар да, елдің игілігі емес пе?! Мемлекет пен жекеменшік серіктестігі арқылы қыруар шаруа тындыруға болады. Сіздерде өзге аудандардағыдай ірі кәсіпорындар жоқ. Аудан бойынша жылдық шығын көлемі – 2 жарым млрд теңге. Ал жиналатын салық төлемі 1млрд. теңгеден әрең асады. Қалған қаржыны жыл сайын басқа аудандардың есебінен облыс толықтырып отыр. Ауданда шағын бизнес дамымай сіздер бұл тығырықтан шыға алмайсыздар,- деген өңір басшысы Қамыстыда тіркелген 500-ден астам кәсіпкердің 120-сы ешбір қарекетсіз отырғанын сынға алды.Облыс әкімі «Аудан кәсіпкерлері мемлекеттік бағдарламаларға белсенді қатыспайды, өйткені ақпарат және насихат жұмыстары дұрыс жүрмей отыр» – дей келіп, осы тоқсан ішінде кәсіпкерлерге арналған кешенді тренинг-семинарлар өткізуді тапсырды.


Әкімнің бойында туған жерге сүйіспеншілік деген сезім болу керек…
Аудан әкіміне: "Мен сізді бұл ауданға әкімдікке 1 жарым жыл бұрын тағайындадым. Өзіңіздің туып-өскен ауданыңыз. Сондықтан туған жерге сүйіспеншілік деген сезім болу керек. Бірақ мен оны көре алмай отырмын", – деген Архимед Мұхамбетов жиын соңында алдағы жылы айтылған сыннан оң нәтиже шығару керектігін тапсырды. Жиын барысында тұрғындар тарапынан облыс әкіміне де, аудан әкіміне де сауал-тілектер айтылды. Ешбір сұрақ жауапсыз қалған жоқ.



Малды «ақылды» аяқбау бағады
Қамыстыдан кейін Архимед Мұхамбетов Денисовке ат басын бұрып, аудан әкімінің халыққа есеп беру жиынына қатысты. Жиын басында облыс басшысы: «Халықпен кездесу бізге өңір халқының пікір-тілектерін білуге мүмкіндік береді. Ал ел ішіндегі азаматтар билік өкілдеріне жүзбе-жүз тікелей сауал қойып, сол сауалына жауап ала алады. Бүгінгі есеп беру кездесуіне 400-ден астам адам қатысып отыр» – деп көпшілікке мұндай кездесулердің мән-маңызын түсіндіріп өтті.








Жиын барысында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов биыл жастарға ерекше қолдау көрсетілу қажеттігін айтты. – Әсіресе тұрмысы төмен отбасылардан шыққан студент-жастар жазғы демалыс уақытында жұмыс істеп, табыс тауып, ата-анасына масыл болмай, оқу ақысын өзі төлейтіндей болуы керек, – деген өңір басшысы аудан әкімінежастарды жұмыспен қамтуға бағытталған арнайы жоба әзірлеуді тапсырды.
Аудан астығын 7 мемлекет сатып алады
А.Мұхамбетов Денисов ауданындағы бірқатар нысандарды аралап көрді. Облыс әкімі аудан орталығындағы жасөспірімдер мен балаларға арналған спорт мектебіне барып, балғын спортшылармен тілдесті. Аталмыш мектеп 500-ден астам баланы волейбол, баскетбол, ауыр атлетика, еркін күрес, бокс сияқты спорттың алты түріне баулиды. Балғын спортшылар аудандық, облыстық, республикалық жарыстарда жүлде алып жүр. Спорт мектебінде 11 білікті ұстаз-жаттықтырушы жұмыс істейді. Олардың орташа айлығы – 86 500 теңге. Былтыр мектеп ғимараты жергілікті бюджет есебінен 78 млн теңге қаржыға күрделі жөндеуден өткен.
Одан кейін облыс әкімі «KOFKO International Astyk»серіктестігінде болды. Серіктестік жергілікті дихандардан астық қабылдап, оны тазалап, сақтап, шетелге экспорттайды. Бүгінде бұл серіктестік аудан астығын еліміздің оңтүстік өңірлері мен Өзбекстан, Әзірбайжан, Қытай, Түркия, Иран, Ауғанстан елдеріне саудалап отыр. Астық қабылдайтын кәсіпорын 2015 жылы іске қосылған. Серіктестік басшысы Шыңыс Ортыбаевтың айтуынша, мұндағы түркі технологиясына негізделген қоймада 37 мың тоннаға дейін астық сақталады. Кәсіпорын 33 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Еңбеккерлердің орташа айлығы – 144 мың теңге.
PS:Биыл 15 қаңтардан бастап бүгінге дейін облыстыңаудан және ауыл әкімдері халықпен 524 рет кездесу өткізген. Есеп беру кездесулері 15 ақпанға дейін жалғасады.
Нұрқанат Құлабаев
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев