Машинистен әншілікке дейін

Рудныйлық Дінмұхаммед Дәулетов көрермендердің дауыс беруі арқылы «Қазақстан дауысы» шоуының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Qostanay.TV. даулетов21 жастағы Дәулетов Астанада тұрғанымен, Рудный қаласының тумасы. Төрешілердің айтуынша, оның дауысы ерекше. Басылымның мәліметінше, Дінмұхаммедтің мамандығы – машинист. Телевизиялық байқауларға қатыспай тұрып, ол тау-кен байыту комбинатында үлкен-үлкен техникаларды жөндеумен айналысқан.
«Қазақстан дауысы» және "Х-Фактор" шоуларына қатысқаннан кейін Дінмұхаммед Дәулетовтың өмірі түбегейлі өзгеріп сала  берген. Ол қазір ресторандарда ән шырқап жүр.
Еске сала кетейік, жоба бойынша жеңімпазға 7 млн теңге сыйақы беріледі. 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓