Ауыл күнін атап өтті

Қарабалық ауданындағы Приречный тұрғындары ауыл күнін атап өтті. Биыл құрылғанына 65 жыл толып отырған шалғай ауылдың төл мерекесі шаттықа толды.WhatsApp Image 2019-10-27 at 17.30.03

WhatsApp Image 2019-10-27 at 17.30.04Ауылының тойына Нұр-Сұлтан қаласынан алып-ұшып  жеткен белгілі кәсіпкер Сәуле Шәуенова жерлестерімен қауышты. Жоғарғы сынып оқушыларына «Табыс кілті» тақырыбында шеберлік класын өтіп, мектепке қажетті кітаптар мен көрнекіліктер тарту етті.  Мерекелік шара барысында аудан әкімі Нұржан Өтегеновтің қатысуымен ауыл орталығында балаларға арналған спорт және ойын алаңы салтанатты түрде ашылды. Заманауи спорт-ойын кешенін ауыл балалары үшін Сәуле Шәуенова өз қаржысына тұрғызыпты. 
WhatsApp Image 2019-10-27 at 17.30.06Одан кейін ауылдық   мәдениет үйінде мерекелік жиын өтті. Аудан әкімі Н.Өтегенов ауылды көркейтуге үлес қосып жүрген азаматтарға алғыс хат табыс етті. Жиын соңы көркемөнерпаздар концертіне ұласты.  WhatsApp Image 2019-10-27 at 17.30.03(1)Ауыл күніне алыс-жақыннан келген адам көп. Біреулер жергілікті тұрғындардың қолынан шыққан қолөнер туындыларының көрмесі мен ауыл өнерпаздарының концертін тамашаласа, енді біреулер тартысты спорт жарыстарын қызықтады.

Нұрқанат Құлабаев

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓