Жаңа теміржол бекеті ашылды

Өңірде тағы бір қаржылық жоба тұсауын кесті. Бұл – Баталы станциясы мен «Варваринское» станциясы теміржолының құрылысы. Төрт жыл тағатсыздана тосқан варвариндықтардың қуанышына өңір басшысы Нұралы Садуақасов та ортақтасты.DSCN1508
Осы уақытқа дейін өз өнімін теміржол бағыты арқылы шығара алмай, автомобиль жолдары арқылы тасып, қиналып келген кәсіпорынның ендігі жерде жұмысы жеңілдейтіні анық.DSCN1562 Айталық, бұл бекеттер жолаушыларға емес, акционерлік қоғамның өнімін тасымалдауына арналған.
Аталған жоба 2011 жылы қолға алынған-ды. 2 млрд. теңгеден астам қаржы кәсіпорынның өз қалтасынан жұмсалып, 300-ден артық жұмыскер жұмыспен қамтылған. DSCN1559Бұдан кейін жылына 500 мың тоннадан артық алтын, мыс өнімі экспортталатыны анық. Бұл тек Таран ауданы ғана емес, облыс экономикасына үлкен серпін берері сөзсіз екенін Н.Садуақасов өз құттықтауында жеткізді.DSCN1575
Салтанатты түрде ашылған теміржол бекетіне кәсіпорын қызметкерлері көп жиналды. Олар өз аумағында жаңа ашылған станциядан тиеліп, экспортқа жөнелтілетін өнімдеріне қызыға қарап, сәт сапар тіледі.
 
Нұрболат МЕШІТБАЕВ.
Суретті түсірген автор.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓