Еселі еңбекпен – жаңа жетістікке
Облыстық әкімдік ғимаратында облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтың қатысуымен кеңейтілген отырыс өтті. Жиынға аудан-қалалардың әкімдері, басқарма басшылары шақыртылған.
Бұл жиналыс өңірдің әлеуметтік-экономикалық ахуалын арттыру жолында 2016 жылы атқарылған жұмыстарға қорытынды жасауға және 2017 жылға құрылған жоспарларды пысықтауға арналды. Сондай-ақ, еңбек нарығының жай-күйі, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру мәселесі қаралды. Күн тәртібіне қойылған үшінші мәселе – мемлекеттік жастар саясатының 2016 жылда іске асу қорытындылары және ағымдағы жылға қойылған міндеттер. Осы тақырыптар бойынша облыс әкімі Роза Кемаловаға сөз берілді. Ол өңірдегі әлеуметтік-экономикалық даму ахуалы туралы баяндама жасады. Рудный қаласы мен Қостанай, Алтынсарин аудандары әкімдерінің есебі тыңдалды. Жастар саясатының іске асу барысы да талқыға алынды. Жастар арасындағы жұмыссыздықпен, суицидпен және өзге де өзекті мәселелермен күресті мейлінше күшейту міндеті қойылды.
Толық әрі нақты мәліметтерді газеттің алдағы санынан оқи аласыздар.