Мектептер жөнделуде

Бүгінде мектептеріміз жаңа оқу жылына даярлық үстінде. Биылғы жылы облыс бойынша он төрт мектепке жөндеу жұмыстары жүргізіледі екен. 
мектепБірінде жеңіл-желпі, ал, екіншісінде инженерлік-коммуникациялық жүйелер алмастырылып жатыр.  Мәселен, Алтынсарин ауданы білім бөлімі мамандарының айтуынша, Щербаков орта мектебіне күрделі  жөндеу жұмыстары облыс әкімінің тапсырмасы бойынша  "Сосновый бор" ЖШС мен "Темте"ЖШС қаржысы есебінен кезең-кезеңімен жөнделуде. Атап айтқанда, 2012 жылы мектептің жылыту жүйесі, 2013 жылы  мектеп ғимаратының  2 және 3 қабатын әрлеу, спортзалдың төбе жабындысын жөндеу жұмыстары жүргізілді. Осы мақсатта бюджеттен 4,5 млн. теңге бөлінді. Мердігерлік жұмыстарды "Темте"ЖШС жүзеге асырды. 2014 жылы құрылыс материалдарына 15 млн. 174 мың теңге  бөлінді. Сол секілді Зуев орта мектебіне 2013-2014 жылдарында  осы аттас серіктестіктің қаражаты есебінен аймақ басшысының тапсырмасымен  58 терезенің блогтары алмастырылды.  Сонымен қатар Ново-Николаев негізгі, Свердлов орта  мектептеріне, "Қуаныш" бөбекжай-бақшасының ғимаратының ағымдағы жөндеу жұмыстарына тиісті қаржыға құрылыс материалдары сатып алынды.
Гүлназым Сағитова

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓