Міндеттер белгіленді

Қостанай облысының төтенше жағдайлар  департаментінде ТЖД басшысы М.Танабаевтың   төрағалық өтуімен кеңес өткізілді. 
дчс2014 жылдың бірінші жарты жылдығында істелген жұмыс қорытындысына арналған басқосуға департамент аппаратының жауапты қызметкерлері, ведомстволық бағыныстағы бөлімшелердің басшылары қатысты.
Жарты жылдағы жұмыс қорытындылары туралы департамент басшысының орынбасары полковник Т.Кәкімов баяндама жасады. Баяндамашы жыл басынан бері облыс аумағында 45 табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдай болғанын, зардап шеккендер санының 13,2 пайызға, қаза тапқандар санының 7,3 пайызға төмендегенін атап өтті. Департаменттің жедел ден қою күштері есепті кезеңде 355 жедел шығу жасап, 253 адамды құтқарды. Зардап шеккен 25 адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді.
Департамент  басшысы  орындалған істерге оң бағасын беріп, туындаған мәселелер мен орын алған олқылықтарға тоқталып өтті. Сонымен қатар екінші жартыжылдықта атқарылуы тиіс жұмыстар мен белгіленген міндеттерге департамент қызметкерлерінің  назарын аударды.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓