Сергей Малый – “Тобылдың” жаңа ойыншысы

«Астанамен» келісімі аяқталған Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Сергей Малый қостанайлық клубқа ауысты.
Қорғаушы "Тобылмен" бір жылға келісім-шартқа отырды. Ол ұлттық құрама сапында 17 кездесу өткізді. ҚР Кубогі мен Суперкубогін ұтқан футболшы естеріңізде болса, "Шахтермен" Чемпиондар лигасында, Еуропа лигасында өнер көрсетті. Кейін, "Ордабасыға", одан соң "Ертіске" ауысты. Елордалық клуб қатарында да Сергей Малый жаман ойнады дей алмайсыз. Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасында 7 матч өткізді. 

 

"Тобыл" ФК баспасөз қызметі
Сурет kazfootball.kz сайтынан алынды

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓