Кикбоксинг чемпионаты басталды
Қостанай облысында кикбоксингтен Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. Бұл жарыс бокстан КСРО спорт шебері Мұрат Бегежанов және боскстан КСРО спорт шебері, кикбоксингтен халықаралық деңгейдегі спорт шебері, "Сұлтан" спорт клубының негізін қалаушы Асылхан Бұсырмановты еске алуға арналып, Тобыл қаласындағы "Арена" спорт клубында өткізілуде.
Чемпионатты ұйымдастырушылар – облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен Қостанай облысы Кикбоксинг федерациясы және Қостанай қаласындағы "Сұлтан" спорт клубы, сондай-ақ Қостанай ауданы әкімдігі.
"Турнирге Қазақстанның түкпір-түкпірінен 332 спортшы қатысуда. Жарыстың бас төрешісі – WAKO дәрежесіндегі халықаралық төреші, Шымкент қаласының тумасы Сұлтан Қуандық екенін айта кеткен жөн. Бүгін іріктеу жекпе-жектері өтеді, финалдық бәсекелер 23 сәуір күні аяқталмақ. Шын мықтылар анықталып, болашақта Азия және әлем чемпионаттарында ел байрағын көтеретін жастарымыз көбейсін деп тілеймін", – дейді облыстық Кикбоксинг федерациясының президенті Дәмер Қалқаев.Чемпионаттың қорытындысы туралы ақпарат кейінірек толықтырылатын болады.