1-сынып оқушылары ақпанда демалады

«Қыркүйек айында Білім және ғылым министрлігі демалыстардың мерзімі мен оқу кезеңі жайлы бұйрық шығарған. Сол бұйрық аясында демалыс мерзімдері сынып-сыныпқа бөлініп көрсетілген. Сол бұйрыққа сәйкес, 2016 жылдың қыркүйегінде бірінші сынып оқушылары үшін білім берудің жаңа мазмұнын енгізгендіктен, 1-сынып оқушылары бес күн оқиды. Соған байланысты, 1-сынып оқушылары үшін 1-7 ақпан аралығында қосымша демалыс беріледі» – деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне Білім министрлігінің баспасөз хатшысы Әйгерім Әлібекова.
Баспасөз хатшысының айтуынша, қалған сыныптың оқушылары әдеттегідей оқи береді.