Гонконг тұмауы дендеді

Тұмаудың бұл түріне 10 шақты адам шалдығып үлгерген. Мамандардың айтуынша, А типті  тұмау (Н3N2) маусымдыққа жатады. Қазір қаланың барлық емханалары күшейтілген тәртіппен жұмыс істеуде. Өйткені өткір респираторлы вирустық инфекция (ӨРВИ) кеселінің етек алғаны байқалып отыр.гонконг грип
Өткен жылдың 1 қазанынан бастап облыс көлемінде ӨРВИ ауруына шалдыққандар саны 30 мыңға жуықтаған. Өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1,5 есеге көп. Бас ауруымен, жөтелмен және көтеріңкі температурамен шағым айтып келетін науқастар саны артқан. Бір сөзбен, Қостанайдағы емханалар пациенттер кезегінен арылмай тұр.
 
Ақ халаттылардың мәліметіне сүйенсек, айтылмыш аурудың өршуі 15 жасқа дейінгі балалардың арасында жиілеген. Жедел жәрдем телефонына маза жоқ көрінеді. Жалпы, мамандар аурудың өршу кезі қаңтар айында болады деп күткен. Әйткенмен, ол ай бұрын белгі беріпті. 
Тұмауды қоздырушы –  А типті  вирус (Н3N2). Гонконг тұмауы аталатын бұл аурудың, мамандар сөзінше, кезеңдік қана қауһары бар. Қазіргі уақытта, білім бөліміндегілердің айтуынша, мектептерге оқушылардың 5 пайызы бармай отыр. Алайда, әзірге карантин туралы сөз қозғауға ертерек. Бірақ ауруға шалдыққан оқушылар саны 30 пайызға дейін артып жатса, бұл амалға баруға тура келеді… Бетін аулақ етсін. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓