Бүйректалда – “Мойылды толқындары”
Аманкелді ауданына қарасты Ақсай ауылында "Мойылды толқындары" ұлт-аспаптар ан-самблінің тұсауы кесілді. Бұл кеш былтырғы жылдың тамыз айында өткен "Аманкелді ауданы. Іскер азаматтар форумы" аясында жүзеге асқан алғашқы жоба екенін айта кеткен жөн.

– Ауылдардағы шағын да болса мәдениет ошақтарына осындай азаматтарымыз қол ұшын созса, үлкен сауап болар еді. Ауыл мәдениеті, ауыл өнер-паздары тіршіліктің сәні десек қателеспейміз, – дейді Аманкелді аудандық мәдениет және тілдер-ді дамыту бөлімінің басшысы Раушан Аманкелдіқызы.
Әсем ән мен күмбірлеген күй орындалып, ауыл кеші думанға толды. Кеш барысында Алматы эстрадалық колледжін тәмам-даған эстрада әншісі, Бүйректал орта мектебінің түлегі Динара Қалиқызының әсем даусымен ерекше шырқалған әндері ел көңілінен шықты. Сапар ағамыз бастаған күйшілер "Секіртпе" күйін өз деңгейінде жеткізе біліп, ауыл тұрғындарының ризашы-лығына бөленді.
Күнжан Әбеу.
Аманкелді ауданы.