Мақсат – тілге деген қызығушылығын арттыру

Балалардың бойында еліне, жеріне деген сүйіспеншілік сезімін оята отырып, мемлекеттік тіл мәртебесін арттыру арқылы жан-жақты білімді азаматтарды тәрбиелеу –қоғамымыздың басты міндеті. Түрлі мерекелік және  тағылымы мол  іс-шаралар балаларға тек қана тәрбие беріп қана  қоймай, патриоттық, Отан үшін мақтаныш сезімін қалыптастыруда. Тіл мәдениетін жетілдіруде, тілді оқыту процесін ынталандыруда маңызы зор. Елбасымыз Н.Назарбаев: "Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы болып табылатын қазақ тілінің одан әрі дамуы үшін барлық күш-жігерімізді салуымыз керек. Сонымен бірге елімізде тұратын барлық халықтардың өкілдері ана тілдерінде еркін сөйлей, оқи алуына, оны дамытуға қолайлы жағдай тудыру қажет" деп атап көрсеткен болатын.
20140705– Бұл орайда облыстық тілдерді дамыту басқармасының 2007 жылдан бергі жүзеге асырып отырған жұмыстарының бірі деп қазақ тілін оқыту курсын айтуға болады. Оқытудың ерекшелігі балалардың жазғы демалыс сау-ықтыру лагерьлерінде қазақ             тілін үйренуін ұйымдастыру. Биыл да Әулиекөл ауданындағы – "Достық", Алтынсарин ауданындағы – "Светофор", "Чайка", "Орленок" және  Денисов ауданындағы – "Солнечный"  жазғы демалыс лагерьлерінде  тіл курс-тары болып өтті. Өйткені балалардың жазғы сауықтыру лагерьлерінде топтасқан жеткіншектер осы мүмкіндікті қалт жібермеді. Мұндағы тіл мамандары үш аусым бойы балаларға сабақ береді, тілді үйретеді. Оқыту барысында білім ошақтарындағы қалыпты бағдарламалардан өзге тәсілдер қолданылады. Білім беру – балалардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын арттыруға, патриоттық сезімін оятуға бағытталған. 20 минутқа шақталған сабақ ойын түрінде жүргізіледі.
Оқытушылар білім берудің жаңа тәсілдерін пайдалана отырып, балалардың қызығушылығын оятуы шарт. Ол үшін арнайы сабақ жоспары әзірленген. Бағдарламаға сай қазақ тілі сабағы бір-бірімен танысу, ойын ойнау, пікір-талас, сайыс-байқау, ән-шашу, би кештерін ұйымдастыру арқылы, интерактивті түрде өткізіледі. Балалардың тілдерін жаттықтыру үшін жаңылтпаш, мақал-мәтел айт-қызады, бір-бірімен жарыстырады. Грамматикалық және лексикалық сөздік қорларын байыту үшін сөйлемдер құрастыру, мәтіндерді аудару жұмыстары да өткізіледі. Әр лагерь әдістемелік оқу-құралдарымен  қамтамасыз етілгендеді бізге өз әңгімесінде тілдерді дамыту  басқармасының бөлім жетекшісі Бақыткүл Сүлейменова. 
 
Гүлназым  Сағитова

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓