Жалған қоңырау жазаға айналмақ

Өткен жылдың қазан айында 29 жастағы қостанайлық Виктор Плешивцев есімді азамат жалған террорлық әрекет туралы полицияға хабар берген болатын. Ол тәртіп сақшыларына қоңырау соғып, ет комбинаты маңында жарылғыш зат бар екенін айтқан. Кейін хабардың жалған, азаматтың мас екені анықталды. DjV4i8Aogko
(сурет kstnews.kz сайтынан алынды)
Аталған қылмыстық істі №2 қалалық соты қарауда. Әуелгі сот отырысында айыпталушы процестік келісім жасуға өтініш білдірген еді. Қорғаушы Алтынай Төлепбаеваның айтуынша, қылмыскер өз кінәсін толықтай мойындайды және сот төрелігімен мәмілеге келуді көздейді. Жалған террорлық әрекетті хабарлағаны үшін сот Виктор Плешивцевті 6 жыл бас бостандығынан айыруы мүмкін.  

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓