Рөлде телефонмен сөйлескендер жазаланды
Автобус жүргізушілері жол беретін ең көп тіркелген ережебұзушылық – рөлде келе жатып телефонмен сөйлесу. Қостанай облысының ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл қостанайлық қоғамдық көлік тізгіншілеріне тән тәртіпсіздік ретінде танылды. «Автобус» республикалық алдын алу шаралары аясында тәртіп сақшылары екі күнде әртүрлі сюжеттегі 149 тәртіпті белден басқандар тұтылса, соның 35-і – телефонға байланысты ережебұзушылық. Олардың әрқайсысына әкімшілік айыппұл салынды.