Бозбалалар жол апатынан көз жұмды

Қостанай-Әулиекөл бағытындағы тас жолда жол апаты тіркелді. Салдарынан екі адам қаза тапты. Қайғылы оқиға 6-шы қаңтар күні, түнгі сағат екілер шамасында болған._03.03.16_2"Мицубиси-Галант" көлігін тізгіндеген 20 жастағы жігіт  Затобол кентінен 2 шақырым алыстағанда қатты жылдамдықпен келе жатып жиектегі жол белгісіне соғылған. Жүргізуші мен оның жолаушы құрдасы сол мезетте жан тәсілім еткен, ал 1999 жылы дүниеге келген тағы бір бозбала ауыр халде ауруханада жатыр.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓