Әкесіне мылтық атқан
Оқиға 2019 жылғы 12 мамырда Қамысты ауданының Алтынсарин ауылында болған.
«Жергілікті тұрғын П. тіркелмеген тегіс ұңғылы аңшылық қарумен әкесі Т.-ны атып тастаған. Әкесі дене жарақаты салдарынан оқиға орнында көз жұмды. Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен П.-ның қылмысты есі дұрыс емес күйде жасағаны дәлелденді. ҚР ҚК 16-бабына сәйкес ол қылмыстық жауапкершіліктен босатылды» , – деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.
Туған әкесін атып тастаған қыз психиатриялық стационарда мәжбүрлі емдеу шараларынан өтеді.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.