Өңір басшысы православтықтарды Рождествомен құттықтады
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов православ қостанайлықтарды Рождество мерекесімен құттықтады. Мейрам Констатнино-Еленинский шіркеуінде, 6-шы қаңтардан 7-ші қаңтарға қараған түні басталды. Діни шараны Қостанай және Рудный епископы Анатолий өткізді.
-Құрметті қостанайлықтар! Сіздерді Рождество мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке көптеген жылдар бойы жақсылықты, татулықты насихаттап келеді. Ол барлық дін өкілдерін біріктіреді. Біздің көп ұлтты мемлекетімізде Құрбан айт мейрамы да, Рождестов мен басқа да діни және ұлттық мерекелер айрықша аталып өтіледі. Бұл – Қазақстанда тұратын барлық этностардың берік достығының нышаны. Бүгіндері Орыс православтық шіркеуінің митрополиттік округі Қазақстан бойынша 326 қауымдастықтың басын біріктіріп отыр, ал Қостанай облысында 34 православтық діни бірлестігі жұмыс істейді. Діни тәрбие адамзаттың рухын нығайтуға, ел ішіндегі толеранттылықты сақтауға ықпал береді. Қазақстандықтардың бірлігі мен күш-жігерінің арқасында біздің еліміз өзіне сенімді, іргесі бекем елге айналды,-деді өз сөзінде облыс әкімі.
Өз кезегінде Анатолий Епископ дәстүр бойынша Архимед Мұхамбетовке ақ раушан гүлдерін сыйға тартып, қостанайлықтарды айтылмыш мерекемен құттықтады.– Рождество мерекесі арқылы біз құдайды көруге, онымен адам ретінде байланыс орнатуға мүмкіндік аламыз. Бұл күн біз үшін өте маңызды. Осы күні өздерін жаман әдеттерден тыйған жандар құдайға жақындай түседі,-дейді ол.
Кенже ҚОНЫСБАЙ
Суреттерді түсріген автор.