Түлектердің 86%-ы сынақтан өте алмады

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде колледж түлектері және мектепті бұрынғы жылдары  бітіргендердің 2086-ның  2006 талапкері кешенді тесті-леуге  қатысып, қалған  80-і сынақ тапсыруға келмей қалған.
тестҚатысқан абитуриенттердің 86%-ы сынақтан өте алмады, яғни межелеген 50 баллды жинай алмады. Ал қалған 14%-ы білімдерін дәлелдеп шыққан. Бұл нәтиже былтырғы жылмен салыстырғанда сәл де болса  көңіл қуантады. 2013 жылы тапсырған талапкерлердің 92%-ы сынақтан сүрінсе, биыл ол – 8%. Талапкерлердің  басым көпшілігі инженерлік-техникалық және педагогикалық мамандықтарды  таңдаған. Межелі баллды жинай алмаған талапкерлердің көбі колледж студенттері болды"– дейді қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Азамат Жақсыбекұлы. Грант-қа арыз беру шілденің 23 мен 31 дейін қабылданады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓