“Күнделіктен” – марапат

Жүйеге өңірден 240 мыңға жуық қолданушы тіркелген. Оның ішінде ата-аналар, мұғалімдер, оқушылар электронды журналды толтыру немесе қарау, сабаққа материалдарды тіркеу, сабақтың қалыптастырушы бағасын немесе жиынтық жұмыс үшін ұпайларды көру үшін порталға күн сайын кіреді.
2020-2021 оқу жылының бірінші жартысында мұғалімдердің үйлесімді және уақтылы жұмысының арқасында Қостанай облысы «Күнделік» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін толтыру бойынша республикалық маңызы бар Шымкент қаласымен бірге 1-орынды бөлісті. Бұл көрсеткішті жетістік ретінде бағалаған «Күнделік» ЖШС компаниясының өкілі Марат Ищанов облыстық Білім басқармасының басшысы Зәуре Байменоваға «Kundelik.kz Алтын белгісін» табыстады.

«Бұл жетістікте әр мұғалімнің үлесі бар», – деп жазды Білім басқармасының баспасөз қызметі.