Екінші қабаттан құлаған мас (БЕЙНЕБАЯН)
Рудный қаласындағы ойын-сауық кешенінің екінші қабатынан құлап түскен азамат жан сақтау бөлімінде жатыр. Оқиға 2 қаңтар күні "Горняк" клубында болған. Бұл сәт бейне бақылау құрылысына түсіп қалған. Бейнеге назар салсақ, би алаңында масаң күйде жүрген ер адам балконның жиегіне жақындап, еңкейегенін көруге болады. Сол арада өз салмағына ие бола алмай, жерге баспен құлайды.
Бұдан соң ол дереу қалалық ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның миына зақым келгенін айтуда.