Көктайғақта көлігімен аударылды

Облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлағанындай, көктайғақтың кесірінен облыста  бірнеше жол-көлік оқиғасы болды. 16 қараша күні  Қостанай-Меңдіқара автожолының 40 шақырымында Владимиров кентіне жақын жерде  66 жастағы жүргізуші әйел  "ВАЗ 2105" автомобилімен көктайғақта жылдамдықты шамадан асырып жіберіп жүк машинасына көлігін соқты. Екі көліктің жүргізушісі де жарақат алып, ауруханаға түсті.
Қостанай-Әулиекөл автожолында 29 жастағы жүргізуші "Ауди-80" автомобилімен келе жатып көктайғақта рульге ие бола алмай қозғалыстың қарсы бетіне шығып кетіп, "Нисан Жук" машинасымен бетпе бет соқтығысты. "Нисан Жук" машинасының жолаушысы Қостанай қалалық ауруханасына жеткізілді.
Қостанай-Сарыкөл бағытындағы жолда "Нисан Терано" мен  "Ауди-80" машиналары соқтығысты. "Ауди-80" машинасының жүргізушісі мен жолаушысы әртүрлі дене жарақатын алды.
Октябрь-Белинский автожолында көктайғақтың кесірінен "Ауди-89" машинасы аударылып, үш жолаушы жарақаттанды. Әйет өзенінің жанында 40 жастағы механизатор "К-701" тракторымен аударылды. Механизатор оқиға болған жерде жан тапсырды, оның жанындағы жолаушы Рудный қалалық ауруханасына жеткізілді.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓