«Ережені сақтау – өмірімізді сақтау»

Нұр Отан» партиясының «Stop Қылмыс» атты жобасының аясында «Ережені сақтау – өмірімізді сақтау» деп аталған акция өткізілді. нур отан акцияМұндай шараны ұйымдастыруға партияның қоғамдық қабылдауына келіп түскен үндеулер талдамасы түрткі болды. Соңғы кездері «Жол қозғалысы туралы» Заңға кейбір көлік жүргізушілері біле бермейтін көптеген өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Сондықтан, осыларды негізге алуы – акцияның өзектілігі  болды.стоп 0ылмыс
Осылайша, «Нұр Отан» партиясы ҚОФ-ның белсенділері мен «Қазавтожол» АҚ ҚОФ және Жол полициясы басқармасының қызметкерлері «Қостанай-Рудный» тас жолында акцияны жүзеге асырды. Көліктерді тоқтатып, жүргізушілерге заңнамалық актіге енгізілген өзгерістер туралы баяндап, жаңа ережелер тәптіштелген буклеттер тарту етті. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓