Сырғанақ өлімге алып барды

3 қаңтар күні Қостанай облысының Затобол кентінде Аружан есімді 12 жасар қыз бала мұз қалашықта сырғанап жүріп қаза тапты. Ол сырғанақта құлап, қайта тұра берген кезде жоғарыдан құлдилап келе жатқан бір топ адам келіп соғады. Қатты соққы алған бала мұзға басымен құлайды. Жарақат алған қызды ата-анасы дереу облыстық балалар ауруханасына жеткізген. Алайда, жеке көлікте болған соң жол бойы әр бағдаршамға тоқтаумен біраз уақыт жоғалтыпты. Кейін жедел жәрдем көлігі емес, өз автокөліктерімен келгені үшін ауруханаға кіру қиынға соққан. Дәрігерлер балаға ота жасаған, бірақ ажалға араша бола алмады. Зардап шегуші келесі күні көз жұмды. 67aa2255-73ad-49b1-993d-1e1f5c63bc6e-Қазіргі таңда қажетті сараптамалар белгіленіп, сотқа дейінгі тергеу ісі жүргізілуде,- деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз хатшысы Елена Кашарина.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓