Қоғамдық көлік зейнеткерді қағып кетті

Қостанайда жолаушылар автобусының жүргізушісі 70 жастағы зейнеткер әжейді қағып кетті.  Салдарынан зейнеткер бақилық болды. дтпПолицияның хабарлауынша, апатқа себепкер әжейдің өзі болған. Ол бағдаршамда қызыл түс жанып тұрғанда өткен. Оқиға фактісі ІІД жедел басқару орталығының бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
-Жүргізуші бағдаршамның жасыл түсі жанғанда жүрді, ал зейнеткер сол уақытта жол ортасынан өтуге әрекеттенген, – деді ІІД баспасөз хатшысы Елена Кашарина. – Соқтығысу салдарынан ол жамбасы сынып, бас-ми жарақатын алды. Зардап шеккен азаматшаны жедел жәрдем көлігі жансақтау бөліміне апарды, дегенмен әжей көп ұзамай көз жұмды.
Марқұмды туыстары таныды. Медициналық тексеріс жүргізушінің ішімдік ішпегенін көрсетіп отыр. Сонымен бірге, ҚР ҚК 345-бабы, 3-бөлігі (абайсызда кiсi өлiмiне әкеп соққан көлiк құралдарын, көлік жүргiзушi адамдардың жол қозғалысы ережелерін бұзу) сотқа дейінгі тергеу басталды. Атап өткен жөн, соңғы кездері бұл Қостанайда жолаушылар автокөлігінен жаяу жүргінші қаза тапқан екінші жол оқиғасы.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓