1 теңге = 1 баспана

Нұрдәулет Нұрәділ есімді әлеуметтік желі қолданушысы өзінің Фейсбуктегі парақшасында қазақстандықтарды баспанамен қамтамасыз ету мәселесі бойынша ұсыныс тастады. Оның пікірінше, әр адам 1 теңгеден садақа берсе, біртіндеп елдегі тұрғын үй мәселесін шешуге болады екен. 15724537_1208812819205740_8650780179834064303_o
(Сурет Нұрдәулет Нұрәділдің әлеуметтік парақшасынан алынды)
 
«Қазіргі таңда баспана мәселесі барша қазақтың басты уайымына айналып үлгерді. Әсіресе, жастардың. Мемлекеттік бағдарламамен берілетін үйлердің саны мұқтаж жандардың 10 пайызын қамтамассыз ете алмай келеді. «Енді қалай баспаналы болам?» деп, тапқаны тамағынан артылмайтын ағайынға қалай үй алып беруге болады? Егер біз біріге алсақ, 1 теңгемізді бір отбасы үшін қисақ бұл мәселені де шешуге болады. 20170105133846Ол бәріміз білетін мынандай есеп, тек беделді тұлғалар мен белді ақпарат көздері қолдаса болғаны. Ресми ақпарат бойынша, Қазақстанда 17 млн. 671 мың адам тұратыны мәлім. Біз соның 7 млн. есепке алмадық дегеннің өзінде 10 млн. адам қалады. Меніңше, 1 теңгені садақаға бере алатын 10 млн. адам бар. Ендеше, бізде 10 млн. теңге жиналады. Бұл дегеніңіз – Алматы мен Астанадан 1 немесе 2 бөлмелі, ал қалған қалалардан 3-4 бөлмелі үй алатын ақша. Осылайша әр жұма сайын 1 теңгеден садақа беріп отырсақ, 1 жылда 52 отбасын бақытқа бөлеп мол сауапқа қалар едік. Егер күн сайын 1 теңгеден жиналса, 1 жылда 365 адам баспаналы болады. Ешқандай талан-таражысыз, басқа бағытқа емес, тек «1 теңге= 1 үй» деп қор ашып, қолдап жіберер азаматтар болса, қазақтың баспана мәселесі өзінен өзі-ақ шешілер еді!» – дейді ол. Нұрдәулеттің бұл ұсынсын желіде қолдағандар баршылық. Қазіргі уақыттың өзінде оған хабарласқан азаматтар көп көрінеді. 1-8«Достар, баршаңызға алғысым шексіз! Мені қолдап жекеме жазып, телефон шалып, «Не істей аламыз?» деген жанашыр, мейірбан жүректеріңізден айналдым. Шынымен, бұл – бір қарағанда қарапайым көрінгенімен, күрделі процесс. Сондықтан дайындап, жоба ретінде жүзеге асыруға ниетім бар. Ең бастысы, барша қазақтың хабардар болғаны. Жүрген жерлеріңізде айта жүріңіздер! Бәріміз бірігер болсақ, алмайтын қамалымыз болмас! Бір өтініш, жан-жаққа тартпайық! Біз үшін осы апта ішіндегі халықтың пікірі өте маңызды», – деп жазған ол парақшасына.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓