Тас жолдағы тосын оқиғалар

4-қаңтар күні облыс отралығының Баймағамбетов көшесіндегі жүргіншілер жолағын кесіп өтпек болған бойжеткенді автобус қағып кетті. 18 жастағы қызды түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Қостанай облысының ІІД.дтп
Дәл осы күні Аманкелді ауданындағы Амантоғай ауылының маңында, көктайғақ кесірінен, тас жол үстінде жүргізушілер рөлге ие бола алмай, «Тойота» мен «Хонда» көлігі соғысқан. Салдарынан «Тойота» автокөілігінің иесі зардап шегіп, жергілікті аурухана төсегіне таңылды. 
Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты полиция қызметкерлері темір тұлпар иелерін абай болуға шақырады. Күн райы түзелмей алыс сапарға шықпауға кеңес береді. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓