Жүкті әйелге жедел көмек көрсетті
2 қаңтар күні Қарасу ауданына қарасты Ушаков ауылында жүкті әйелге дереу дәрігерлердің көмегі қажет болған. Алайда, қар борап, жолдың бәрін басып тасаған екен. Ауылдан аттап басу мүмкін емес. 31 жастағы аяғы ауыр келіншектің денсаулығы сыр бере бастағынын естіген ауылдастары құтқарушыларға жедел хат жолдап, көмек шақыртады. Ушкаов ауылына дейін 25 шақырым жолды қар басқан. Құтқақрушылар арнайы ТРЭКОЛ техникасымен жолға шығып, әйелді Әулиекөл ауданының орталығына жеткізеді. Жедел көрсетілген көмектің арқасында болашақ ананың денсаулығы дін аман.