2000 АҚШ долларын талап еткен

Қостанай қалалық № 2 сотына пара алды деп айыпталған 1958 жылы туған М.-ға қатысты қылмыстық іс түсті.
Іс қағаздарына сүйенсек, “Локомотив” АҚ филиалының директоры қызметін атқарған М. қарамағындағы жұмыскерлер – машинист В. мен оның көмекшісі Ч.-нің жіберген қателіктері үшін жұмыстан шығару шарасын қолданбаудың өтемі ретінде өзінің жеке басына 2000 АҚШ долларын талап еткен. ПаракорАл, тәртіп бұзушылыққа келер болсақ, аталған жұмыскерлердің басқаруындағы ТМ-2 №6828 тепловозынан жалпы мөлшері 120 литр  болатын 6 құтыдағы дизель отыны табылған. Осылайша, азамат М. ҚР ҚК 366 бабы 2 бөлімінде  (пара алу) көзделген қылмыстық іс бойынша  айыпталып отыр.
Осы іске қатысты от отырысы 03.06.2015 ж. сағат 10.00 тағайындалды.
 
Қарлығаш ОСПАНОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓