Мас жүргізуші мас адамдарды қағып кетті
Боровской ауылында мас жүргізуші екі мас адамды қағып кетті. Оқиға жаңа жылдың алғашқы күні болған. Қостанай облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, "ВАЗ-2106" көлігін тізгіндеген 24 жастағы азамат мас күйінде рөлге ие бола алмай, дүкеннің алдында тұрған 49 жастағы әйел мен 44 жастағы ер адамды соғады. Қазір запа шеккендер аудандық ауруханада жатыр.