Құрбан айт пен Рождествода қанша күн демаламыз?

7 қаңтардағы православиелік Рождество және Құрбан айттың алғашқы күні жұмыс күндері мен ауысу кестесіне (вахта кестесі) түскенімен, демалыс күні болып есептеледі, алайда, бұл күндер мереке күндері болып саналмайды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  мереке
"Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңына сәйкес, демалыс және мерекелік дата бірдей күнге келсе, мейрамнан кейінгі күндер демалыс болып есептеледі. Ал 7 қаңтардағы Құрбан айттың алғашқы күні және православиелік Рождество бұл заңда көрсетілген ұлттық және мемлекеттік мереке күндерінің тізіміне кірмейді. 
 
Айта кеткен жөн, Қазақстан Республикасының Ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күні. Ал  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мерекелеріне келесі күндер кіреді:
Жаңа жыл – 1-2 қаңтар; 
Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз; 
Наурыз мейрамы – 21-23 наурыз; 
Қазақстан халықтарының бірлігі күні – 1 мамыр;
Отан қорғаушылар күні – 7 мамыр;
Жеңіс күні – 9 мамыр; 
Астана күні – 6 шілде; 
Қазақстан Республикасының Конституциясы күні – 30 тамыз;
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні – 1 желтоқсан.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓