Жолдан өтемін деп, өмірден өтті
Қостанайда жаяу жүргіншіні қағып кеткен автобус жүргізушісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Қайғылы оқиға 30 желтоқсан күні Абай даңғылында болған. Ер адам жаяу жүргіншіліреге өтуге рұқсат етілмейтін жол бөлігін кесіп өтпек болады. Сол кезде оны қатты жылдамдықпен келе жатқан қоғамдық көлік қағып кетеді. Ол түрлі дене жарақаттарымен дереу ауруханаға жеткізілген. Алайда, 31 желтоқсан күні ол дүниеден өтеді. Қазіргі таңда барлық тергеу жұмыстары жүргізілуде.