Зиянды әдеттен аулақ бол!
Облыстық Полиция департаменті Есірткіге қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжімен бірігіп нашақорлықтың алдын алуға бағытталған шаралар жүргізді.
-Біз, Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінің студенттері нашақорлыққа қарсымыз. Қала тұрғындарына «денсаулық – зор байлық» екенін естеріне салып, бос уақыттарын тиімді пайдалануға шақырамыз. Әрқашан осындай акциялардан қалыс қалмай, белсенді қатысуға тырысамыз, – дейді 2 курс студенті Зарина Мұсабаева.
Колледж студенттері «Нашақорлыққа – жол жоқ» ұранымен қала тұрғындарына есірткі, темекі, ішімдіктің адам ағзасына және болашағына келтіретін залалын жайлы айтып, зиянды әдеттерден аулақ болу насихаттап, ескерту жадынамаларын үлестірді.
-Ата-аналарға балаларын үнемі бақылап, әлеуметтік желілерін тексеріп отыруды ескертеміз. Себебі, соңғы кездері түрлі сайттар мен телеграмм каналдарда нашақорлықты насихаттайтын боттар көбейіп кетті. Акцияның басты мақсаты – жасөспірімдер арасында әлеуметтік желілер арқылы есірткі тауарларын таратудың алдын алу. Бұл бағытта еріктілерді, студенттерді осындай іс-шараға көптеп тартып жүрміз, – дейді Қостанай облыс ПД ЕҚҚІҚБ қызметкері, полиция майоры Айгүл Ерәділова.