Демалыс күндері 12 адам ауруханаға түскен
Қостанайда жаңа жылдық демалыс күндері травматологиялық бөлімшеге 12 адам келіп түскен. Көбісі тұрмыстық жағдайда жарақаттанған, ал бір азамат үшінші қабаттан құлап, ауыр халде жатыр. 1-3 қаңтар аралығында Қостанай қалалық ауруханасында бұдан өзге оқиға тіркелмеген. Аурухана штаттық режиміде жұмыс істеген болатын.-Түрлі тұрмыстық жарақатпен келген 11 адамға барлық көмек көрсетілді, оларды сырқаттарынан айықтырып, үйлеріне жібердік. Алайда, 2 қаңтар күні келіп түскен азамат өте ауыр халде болатын. Оны дереу ауруханаға жатқыздық. Ол үшінші қабаттан құлап кеткен. Қазір жан сақтау бөілімнде жатыр,- деді травмотологиялық бөлімнің меңгерушісі Марал Әбілқасымов.