Тәртіпсіздерге тосқауыл қойылды
Жаңа жылдық демалыс күндері жасалған қылмыстардың жартысынан көбін тәртіп сақшылары ізін суытпай әшкереледі. Төрт күн ішінде облыс көлемінде ұзын саны 120 қылмыс жасалған. Дей тұрғанмен, аса алаңдаушылық тудырар тәртіпсіздік болмаған, басым бөлігі – әртүрлі ұрлық-қарлық жағдайы, адам өміріне қауіп төндірмеген жол-көлік оқиғалары. Мәселен, қалалық жерлерде түн ауа көлік ұрлау деректері тіркелсе, аудандарда жабық тұрған дүкендерге ұрлыққа түсу жиірек болған. Құқық бұзушылардың ешқайсысының арам пиғылының жүзеге асуына жол берілген жоқ.