Тапа-тал түсте тонамақ болды

Қостанай ауданына қарасты Затобол кентінде 45 жастағы әйел өзіне шабуыл жасап, күш көрсеткен тонаушыға төтеп берді.грабитель
Күні кеше аудан орталығындағы орталық көшелердің бір қиылысында азаматшаға әлдебір жас жігіт соқтығып келіп, сөмкесін қолынан жұлып әкетпекке әрекет жасаған. Жәбірленуші қаскүнемге ерік бермей, қол дорбасын мықтап ұстап алып, дәрменінше қарсылық көрсетіпті. «Қас қағымда алам да қашаммен» келген әлгі ұры ойы жүзеге аспағасын қаша жөнелген. Жапа шегуші дереу полицейлерге қоңырау шалып, күдіктінің түр-тұлғасын сипаттап беріпті. Көп кешікпей тәртіп сақшылары 19 жасар Садчиков ауылының тұрғынын қолға түсірді. 
Азаматшаның айтуына қарағанда, әл-қуаты аса зор емес. Алайда күллі құжаттары, азын-аулақ ақша және пәтер кілті салулы сөмкесінен оп-оңай айырылмауға барынша күш салғанын айтады. Қаннен қаперсіз әйелді сан соқтыра жаздаған сотқар тиісті жазасын алды. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓